Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.
Көктемгі дала жұмыстарын табысты жүргізудің негізгі мәселесі – фермерлерді қаржымен қамтамасыз ету болып отыр. Биыл «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ желісі бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жұмсалатын қаржы көлемінің сомасы 140 млрд теңгені құрайды. Бұл жерде қосымша 70 млрд теңге көлемінде қаржыландырудағы Үкіметтің қолдауын атап өту қажет. Бүгінгі күні «Кең дала» бағдарламасы аясында 84,1 млрд теңге сомасына 3 мыңнан астам АШТӨ қаржыландырылды, - деп атап өтті министр.
Министрдің айтуынша, аталған бағдарлама оның ішінде өсімдікті қорғау іс-шараларын жүргізуге, сондай-ақ егін жинау жұмыстарына несиелендіру жалғасатын болады.
Бүгінгі жағдай бойынша «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ форвардтық сатып алу шеңберінде 371 АШТӨ-ден 93,7 млрд теңгеден астам сомаға 552 өтінім келіп түсті. 80 млрд теңге сомасына 303 АШТӨ-нің 441 өтінімі қаржыландырылды. Бұдан басқа, 2021 жылғы құрғақшылық қайталанған жағдайда мал басы мен құстың сақталуын қамтамасыз ететін 200 мың тонна көлемінде астық қорын қалыптастыру үшін форвардтық сатып алуға 20 млрд теңге бөлу мақұлданды. Сондай-ақ жұмсақ бидай, қатты бидай, арпа, сұлы, күнбағыс, зығыр, рапс, соя, қарақұмық және жүгері сияқты он атауға дейін сатып алынатын дақылдардың тізбесі кеңейтілді. Бұл бағдарлама бойынша жалпы қаржыландыру сомасы 100 млрд теңге, - деді министр.