АШМ мал шаруашылығын қолдауға арналған бірқатар маңызды шара ұсынды

31 Шілде 2020, 09:06
1571
Бөлісу:
АШМ мал шаруашылығын қолдауға арналған бірқатар  маңызды шара ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігі ағымдағы жылдың шілде айында республикадағы мал шаруашылығының дамуына оң әсер ететін бірқатар өзгерістерді ұсынды.

Ең бірінші назар аударатын тұсы - министр Сапархан Омаровтың 17 шілдедегі бұйрығымен бекітілген Мал шаруашылығын дамыту ережелеріне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар.

Атап айтқанда, негізгі өзгерістер қой шаруашылығының субсидиясына енгізілді: асыл тұқымды төлдейтін қойлармен селекциялық және асылдандыру жұмыстарының нормалары   2500-ден 4000 теңгеге дейін, тауарлық қойларға - 1500-ден 2500 теңгеге дейін көтерілді. Сондай-ақ, асыл тұқымды отандық (8 мыңнан 15 мыңға дейін) және импортталған қойларды (бір басына 150 мың теңгеге дейін) сатып алу нормалары жоғарылады, - делінген хабарламада.

Мал шаруашылығымен айналысатын фермерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында министрлік мал сатып алуға несие берудің кепілдік саясатын өзгертті, сонымен қатар фермерлік шаруашылық пен бордақылау алаңдарына несие алуға өтініштерді қарау мерзімдері оңтайландырылды.

Енді малды 1:1 өтімділік коэффициентімен сатып алуға болады. Сонымен бірге, фермерлер субсидия алғаннан кейін, тұрақты кепілдік - 15 болады. Қалған 85% сатып алынған малмен қамтамасыз етіледі. Қазақстандық мал өсірушілерге қосымша қолдау көрсету үшін карантин кезіндегі диагностикалық зерттеулердің бағасы сиырға 23,5 мыңнан 4271 теңгеге дейін, ал Еуропалық Одақ елдерінен әкелінген бұқа үшін 28,5 мыңнан 8741 теңгеге дейін төмендетілді, - делінген ведмство хабарламасында.

Әкімдіктер мен ауылшаруашылығы тауарын өндірушілердің өтініштеріне байланысты, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі карантин кезінде импортталған малға диагностикалық сынақтар жүргізу шығындардын оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізді.

Еуропалық Одақта жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты болғандықтан, Шмалленберг ауруы бойынша карантин кезінде ЕО-дан импортталған жануарлардың бір ПТР тестілеуіне дейін азайту туралы шешім қабылданды.

Зерттеу жұмыстарының құнын төмендету импортталған мал басын әкелу кезінде ауылшаруашылық тауарын өндірушілер жүктемесін едәуір азайтады.

Карантиндеу кезіндегі импортталатын жануарларды диагностикалық зерттеу құны Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында бірдей екенін атап өткен жөн.

Канададан әкелінген ірі қара малды тексеру құны (ветеринарлық сертификаттарда көрсетілген аурулардың тізіміне сәйкес), егер табиғи қашыру қолданылмаса, 1 сиырға 1978 теңге, ал табиғи қашыру қолданылса, 3267 теңге болады. Бұқаны зерттеу құны - 6448 теңге және сәйкесінше 7737 теңге.

АҚШ-тан әкелінген мал үшін: сиырға - 2697 теңге, бұқаға - 7167 теңге.

Австралиядан әкелінген ІҚМ: сиырға - 1408 теңге, бұқаға - 2984 теңге.

Латын Америкасынан әкелінген ІҚМ: сиырға - 4120 теңге, бұқаға - 8590 теңге.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден (Ресей Федерациясы және Беларусь) әкелінген ірі қара малға: сиырға - 3183 теңге (вирустық диарея мен жұқпалы ринотрахеитке қарсы егілмеген) және 1978 теңге (егілген), бұқа үшін - 7653 теңге (егілмеген) және 6448 теңге (егілген).

2020 жылы Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстанға 95 мың бас ет және сүт бағытындағы ірі қара мал әкелу жоспарланып отыр. Осы жылдың бірінші жартысында елге 22 мың бас әкелу қаржыландырылды, қазіргі уақытта 10 мыңы әкелінді.

Шетел селекциясынан асыл тұқымды мал әкелу есебінен бүгінгі таңда асыл тұқымды мал басының үлесі айтарлықтай өсті және жалпы ІҚМ басының 12% құрады.

Соңғы жылдары ет бағытындағы бұқа өндірушілерді қолдана отырып, төлдейтін ІҚМ басын селекциялық-асыл тұқымдандыру бағдарламасына қатысушы шаруашылықтар санының өсуі байқалады. 2014 жылдан бастап мұндай шаруа қожалықтарының саны үш есеге артып, 20,6 мыңға жетті.

Тұқымды түрлендірумен 1,1 миллионнан астам бас немесе ірі қара малдың 33% -ы қамтылған.

Сүт шаруашылығы саласында импортты алмастыру мақсатында сүт фермалары желісін құру және кеңейту бойынша жобалар жүзеге асырылуда.

2019 жылы қуаттылығы 40 мың тонна 8 өндірістік және 14 отбасылық ферма іске қосылды (алдыңғы жылдары тек 3 СТФ енгізілген). Алайда, әзірге импорттық сүт өнімдерінің көлемі де жылына 464 мың тонна болып қала береді. Сол себепті қысқа және орта мерзімді перспективада жылына 25 өндірістік сүт тауарлары фермасын пайдалануға беру мақсаты тұр.

Осылайша, қабылданған шаралардың арқасында 5 жылда өңделген сүтті 500 мың тоннаға көбейту арқылы импортты алмастыру мәселесін толығымен жабу жоспары бар.

2020 жылдың 1-жартыжылдығында Қазақстанда жалпы 3810 бас ірі қара малмен 6 ірі сүт тауарлары фермасы пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы 16 СТФ-ын іске қосу жоспарланып отыр.

Мал шаруашылығы жобаларын (СТФ, шошқа фермалары және т.б.) салу кезінде міндетті кешенді ведомстволық емес сараптамадан өту тәртібін жеңілдету мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық тұрғыдан жіктеу тәртібін айқындайтын Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің ережелеріне өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жасады.

Ауылшаруашылығы министрлігі 1500 басқа дейін малы бар мал шаруашылығы кешендерін техникалық тұрғыдан күрделі объектілер санатына жатқызбауды ұсынды.

Бұл фермерлерге мал шаруашылығы кешендері жобалары мен техникалық-экономикалық негіздемесіне ұзақ уақыт алатын мемлекеттік сараптама жүргізбеуге мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысы қолдау тауып, өзгертулер енгізілген бұйрық Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігімен мақұлданды.

Осылайша, мал саны 1500-ге дейін (қоса алғанда), сүт, ет өнімдері, бордақылау алаңдары өндірісі бойынша мал шаруашылығы кешендерінің және фермаларының жобаларына міндетті жан-жақты ведомстволық емес сараптамадан өткізу, сонымен қатар мал басы 10000-ға дейін (қоса есептегенде) шошқа фермаларын бақылау енді қажет емес.

Бұл шара мал шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды іске асыруды жеделдетеді және фермерлердің шығындарын азайтады.

 



Өзгелердің жаңалығы