АШМ: Астық лицензияланған элеваторлар арқылы импортталуы тиіс

29 Қыркүйек 2023, 16:29
545
Бөлісу:
АШМ: Астық лицензияланған элеваторлар арқылы импортталуы тиіс
Фото: АШМ

АШМ астық импортының тыйымына қатысты өзгерістер енгізілгенін мәлім етті. Енді транзит және лицензияланған элеваторлар арқылы импорт рұқсат етілетін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ВАК-тың 2023 жылғы 10 тамыздағы шешімі негізінде «Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль және темір жол көліктерімен бидай әкелуге тыйым салу туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі №337 бұйрығымен:

- 2023 жылғы 11 қазаннан бастап үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен автомобиль көлігімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге (СЭҚ ТН: 100119; 100199) 6 ай мерзімге тыйым салу ұзартылды;

- лицензияланған элеваторлардың, астық өңдеушілердің және құс шаруашылығы кәсіпорындарының атына бидай әкелуді қоспағанда, үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен темір жол көлігімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге 6 ай мерзімге тыйым салу (СЭҚ ТН: 100119; 100199) белгіленді.

Осылайша, бидайдың кез келген тұтынушысы оны лицензияланған элеваторлар арқылы импорттай алады.

Сондай-ақ енгізілген шектеулер Қазақстан аумағы арқылы бидайды темір жол көлігімен транзиттік тасымалдауға қолданылмайтынын атап өтеміз.

Астық өңдеу және құс шаруашылығы кәсіпорындарының тізбесін «Атамекен» ҰКП қалыптастырады. Лицензияланған элеваторлардың тізімі https://p-grain-receipt.qoldau.kz/ru/gr-info/granaries сайтының деректеріне сәйкес қалыптастырылады.

Өзгелердің жаңалығы