Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық жастар форумында айтты.
Оның айтуынша, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, таза ауада жиі болу, демалыс және жұмыс режимін сақтау – денсаулықтың негізгі факторлары.Денсаулыққа бас мән берген жөн. Бұл жерде «бірінші байлық – денсаулық» деген халқымыздың ұстанымына берік болуымыз керек. Коронавирус індеті кезінде денсаулықтың қадірін жете түсіндік. Сондықтан саламатты өмір салтын ұстану аса маңызды. Жастардың гаджеттерге үңіле бермей, спортпен шұғылдануына басымдық беруі де өте өзекті, - деді Әшімбаев.
Сонымен қатар, бұл қағидалар – қазіргі таңда жетістікке жетудің маңызды шарты. Жалпы денсаулықты сақтау, саламатты өмір салтын ұстану – адамның өз болашағына салған ең басты инвестициясы. Жастарымыз осыны түсініп, өмір салтына айналдыруы қажет, - деді Сенат спикері.