Әшімбаев өрттен қаза болған сәбилердің жақындарына көңіл айтты

19 Ақпан 2021, 20:00
2482
Бөлісу:
Әшімбаев өрттен қаза болған сәбилердің жақындарына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Жамбыл облысында өрттен қаза болған бес сәбидің ата-анасына көңіл айтты.

Жамбыл облысының Жаңатас қаласында тілсіз жаудың салдарынан болған қайғылы оқиға бәріміздің қабырғамызды қайыстырып кетті. Қаза болған сәбилердің ата-аналары мен жақындарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Қайғы бөліссе азаяды. Сондықтан дәл қазір бес бірдей бүлдіршінінен қапыда айырылған ата-анаға демеу болып, қолдау көрсетудің маңызы зор. Балалардың жандары жәннатта болсын - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Жамбыл облысы, Жаңатас қаласында өрттен бір отбасының бес сәбиі қаза болғаны туралы хабарлағанбыз.

Өзгелердің жаңалығы