Әшімбаев: Конституциямызды ардақтау – әр қазақстандықтың абыройлы міндеті

30 Тамыз 2022, 10:36
773
Бөлісу:
Әшімбаев: Конституциямызды ардақтау – әр қазақстандықтың абыройлы міндеті

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрметті достар!

Баршаңызды Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ата заң – тәуелсіздігіміздің тірегі, мемлекеттілігіміздің негізі, елдігіміздің кепілі. Сондықтан барлық ісіміздің құқықтық бастауы саналатын Конституциямызды ардақтау – әр қазақстандықтың абыройлы міндеті.

Биыл бұл мерекенің мәні бұрынғыдан ерекше. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен конституциялық реформа қолға алынып, халқымыздың басым бөлігінің қолдауымен Ата заңға маңызды өзгерістер енгізілді. Сол себепті, бүгінгі мерекені Жаңа Қазақстанның табан тірейтін берік тұғыры болатын жаңартылған Конституциямен атап өтіп жатырмыз.

Конституциялық реформа қалыптасқан саяси-құқықтық жүйемізді трансформациялауға негіз болды. Соған байланысты Парламенттің жаңа сессиясында қолданыстағы заңнаманы осы іргелі өзгерістерге сәйкестендіру жұмысы қарқынды жалғасады.

Конституция күнімен құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін! Елдігіміз баянды болсын! Ата заңымыз мәртебелі тұғырынан түспесін!

Өзгелердің жаңалығы