Әшімбаев: Ата заңымызды ардақтау – әр қазақстандықтың азаматтық парызы

30 Тамыз 2021, 11:22
3992
Бөлісу:
Әшімбаев: Ата заңымызды ардақтау – әр қазақстандықтың азаматтық парызы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтады.

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

Құрметті достар! Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын! Конституция – тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің, өсу мен өркендеудің басты кепілі. Ата заңымыз құқықтық, зайырлы, әлеуметтік және біртұтас мемлекет болып қалыптасуымыздың негізін қалап берді. Бізді бүгінгі жетістіктерге жетелеген барлық бастама, ең алдымен, еліміздің басты құжатына табан тірейді. Алдағы уақытта да Мемлекет басшысының елімізді жаңғырту бағдарын іске асыруда Конституцияның маңызы зор. Сондықтан Ата заңымызды ардақтау – әр қазақстандықтың азаматтық парызы. Мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа бақ-береке, елімізге бейбіт өмір тілеймін! Тәуелсіз Қазақ елі жасай берсін!, - деді Әшімбаев.

Өзгелердің жаңалығы