Асхат Аймағамбетов жұмысқа жаяу баратынын айтты

2 Қазан 2024, 13:19
1820
Бөлісу:
Асхат Аймағамбетов жұмысқа жаяу баратынын айтты
Фото: Арман Мухатов - Архив

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жұмысқа жаяу баратынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат ақылы автотұрақтарға қатысты мәселені көтерді.

Мен жұмысқа да жаяу келуге тырысамын. Жалпы жаяу жүруге тырысамын. Ақылы тұраққа міндетті түрде біз де төлейміз. Сондықтан нақты бағасын айта алмаймын. Жалпы бұл бір ғана адам үшін емес, мемлекет үшін маңызды мәселе. Негізі ақылы автотұрақтарды жою керек деп ешкім айтып жатқан жоқ. Біздің көтеріп отырғанымыз, бұл мәселені реттеу керек. Мемлекеттің теңгесі жекеменшік компанияға кетпеуі керек, - деді ол.

100 теңгенің 70 теңгесі жекеменшік компанияға, ал 30 теңгесі мемлекетке кетпеуі керек. Бұл жерде әділ реттеу болуы керек, біздің көтеріп отырғанымыз осы. Мысалы, 80-90 пайызы бюджетке кетсе деп отырмыз. Екіншіден, әлеуметтік маңызы бар орындарда атап айтқанда, мектептің, балабақшаның, аурухананың, халыққа қызмет көрсету орындарының жанында ақылы тұрақ болмауы тиіс. 

Айыппұлдардың көлемі де әділ болуы керек. Мысалы, 100 теңгені төлеу керек екенін білмей, көрмей қалсаң, оған 5000 теңге айыппұл төлеу тым көп. Бүгінде қала әкімдігі бұған дейінгі шешімдерді орындауға мәжбүр болып отыр. Сондықтан оларға да кінә тағуға болмайды. Біз заң шығарушы орган ретіндер оларға осы мәселені шешуге барынша көмектесеміз, - дейді Аймағамбетов.

Өзгелердің жаңалығы