Асхат Аймағамбетов тест барысында болған қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

19 Сәуір 2022, 12:01
1832
Бөлісу:
Асхат Аймағамбетов тест барысында болған қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 14 сәуір күні Алматыда біліктілік тестін тапсыру кезінде мұғалім қайтыс болған еді. Осы қайғылы оқиға қатысты Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пікір білдірді.

Бұл туралы ол Үкімет отырысынан кейін баспасөз мәслихатында айтты.

Қайғылы оқиға туралы білгенде ұстаздың туыстарына хабарластық, көңіл айтып, мән-жайды білдік. Олардың айтуынша, ол өзін жайсыз сезінген, десе де тест тапсыруға өзі ниет білдірген, -  деп түсіндірді министр.

Асхат Аймағамбетов айтуынша, бұл мұғалімге емтиханды тапсыру міндетті емес еді, бірақ ол өзінің біліктілігін дәлелдеу үшін тест тапсыруға өзі шешім қабылдаған.

Біліктілік тесті кеңес заманынан келе жатқан тәжірибе. Бірақ 2018 жылға дейін мұғалімдер 1 папкаға құжат жинап, өзінің деңгейін дәлелдесе, енді 2 кезеңнен тұратын тест тапсыруы қажет. Бұл кей адамдарға ұнамауы мүмкін, алайда бұл қажетті жұмыс,  - деді Асхат Аймағамбетов. 

Өзгелердің жаңалығы