Асхат Аймағамбетов Қазақстан халқына ант берді

29 Наурыз 2023, 11:39
890
Бөлісу:
Асхат Аймағамбетов Қазақстан халқына ант берді
Фото: Ақорда

Жаңадан сайланған Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов депутат ретінде ант берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілістің жаңадан сайланған 98 депутаты тізім бойынша мінберге шығып, еліміздің халқы алдында ант беріп жатыр.

Депутат Асхат Аймағамбетов те алғашқылардың бірі болып ант берді.

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтатығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, - деп ант берді Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов.

19 наурыз күні елімізде саяси науқан өтіп, нәтижесінде Мәжіліске 6 саяси партия өтті. Оларға 69 орын берілді. Сонымен бірге бірмандатты сайлау округтерінен 29 депутат сайланды.

Өзгелердің жаңалығы