Асхат Аймағамбетов Бибігүл Асыловаға бірлескен жұмысы үшін алғыс айтты

12 Наурыз 2022, 00:13
1742
Бөлісу:
Асхат Аймағамбетов Бибігүл Асыловаға бірлескен жұмысы үшін алғыс айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрі бүгін қызметінен кеткен вице-министр Бибігүл Асыловаға алғысын айтып, сәттілік тіледі, деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі.

Бүгін министрлік ұжымымен жиналып, вице-министр Бибігүл Асылованы шығарып салдық. Былтыр ротация жүргізу қажеттігіне қарамастан менің өтінішім бойынша оған осы лауазымда жұмыс істеу үшін еңбек шартының мерзімі бір жылға ұзартылды. Бибігүл Амангелдіқызы тәжірибелі қаржыгер ретінде білім беруді қаржыландыру жүйесін реформалауға, жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесін дамытуға зор үлес қосты. Сонымен қатар ол балалардың құқығын қорғау мәселесіне де үлкен көңіл бөлді, – деді БҒМ министрі.

Бас педагог Бибігүл Асылованы «Қазақстан Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапаттағанын хабарлады.

Бибігүл Амангелдіқызы біздің Қаржы орталығымыздың директорлар кеңесінің төрағасы болып қалу туралы ұсынысымды қабыл алғанын, сонымен қатар қаржы мәселесі бойынша штаттан тыс кеңесші болатынын да атап өткім келеді. Бүгін министрлік ұжымы Бибігүл Амангелдіқызына жылы сөздерін айтып, ізгі тілектерін жеткізді. Бибігүл Амангелдіқызына бірлескен және жемісті жұмысы үшін тағы да алғыс айтқым келеді. Сәттілік тілеймін! – деді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, Бибігүл Асылова 2016 жылдан бастап министрдің орынбасары лауазымында жұмыс істеді және жақында қызметінен босату туралы өтініш жазған еді.

Өзгелердің жаңалығы