Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жалпы отырыста онлайн-платформалар мен онлайн-жарнама мәселелеріне қатысты заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл заң жобаларына Мәжілістің бір топ депутаты бастама жасап отыр. Заң жобалары Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін әзірленді. Негізгі заң жобасы онлайн-платформалар мен онлайн-жарнаманы құқықтық реттеуге бағытталған, - деді Аймағамбетов.
Сонымен бірге тағы екі іліспе заң жобасы әзірленді.
Әлеуметтік даму комитеті заң жобаларын жұмысқа қабылдауға және олар бойынша қорытынды әзірлеуге дайын екенін жеткізді.
Ол мына заңдар:
- «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң жобасы.
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы.
- «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы.
Мәжіліс үш заң жобасы бойынша қаулыға дауыс беріп, тиісті шешімді қабылдап, құжаттарды жұмысқа қабылдады.