Ашаршылықта 5 миллионнан аса қазақ қырылды - Смағұл Елубаев

29 Мамыр 2020, 17:03
3295
Бөлісу:
Ашаршылықта 5 миллионнан аса қазақ қырылды - Смағұл Елубаев
Фото: ашық дереккөз

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  20-шы ғасырдың басында қазақ даласында үш рет ашаршылық болған. Сондағы қырылғандардың жалпы саны 5 млн 200 мың адамды құрайды. Бұл туралы Жазушы Смағұл Елубаев "Ғасыр зұлматы" атты жиын барысында айтты. 

Оның айтуынша, 1919 жылы Советтердің төтенше құрылтайы өтіп, онда 1918-1919 жылғы ашаршылық мәселесі қарлаған.  

Сол кезде Тұрар Рысқұлов "1918-1919 жылғы ашаршылықта 1 млн 214 мың қазақ опат болды" дейді. Одан кейін 1921-1922 жылдары да ашаршылық болғаны белгілі. Сол кезде осы ашаршылық салдарымен күресу жөніндегі комиссиясын басқарған Мұхтар Әуезов өзінің естелік баяндамасында "1921 жылғы ашаршылықта 1 млн 700 мың қазақ мерт болды, оның 700 мың балалар болды" деп жазды, - дейді С. Елубаев.

Жазушы бұл ашаршылықтардың сол кездегі үкімет басшыларының саналы түрде ұйымдастырғаны деген ойда.

Осы ашаршылықтардан кейін 1918 жылдары Советтік Түркістанды басқарған Иван Тоболин "Марксистік теория бойынша экономикалық тұрғыдан әлсіз қазақтардың қырылуы заңды, олар солай қырылуға тиіс" деп мәлімдеме жасайды. Жаңа Мекемтас Мырзахметов те бұл ашаршылықтың саналы түрде жасалғанын айтты. Бірақ біздің тарихнама осымен келіспей келеді. Шындығында бұл саналы түрде ұйымдастырылған. Оған дәлел ретінде Сталин мен Чершил кездесуіндегі мына жайтты келтіруге болады. Бұл деректі Робот Конгуес деген ағылшын тарихшысы өзінің кітабында жариялады. Онда Сталин "мен 10 млн гулакты құрттым, қалғанын Сібірге айдаттым" дейді. Бұл жерде оның шаруаларды неліктен өлтіргенін айтып, мақтанып тұрғанын көреміз. Яғни КСРО басшылығында шаруаларды жою керек деп, тыңғылықты дайындалған Марксистік теорияға негізделген адамдардың болғаны. 1930 жылы Сталиннің гулактарды тап ретінде жою керек деген Қаулысы адамдарды қырудың заңдастырылуы еді. Ал Голощекиннің көзқарасымен қарағанда қазақ халқы тұтас гулактар еді. Яғни, қазақтың ең кедей дегенінің өзінде 50 бас қой, 4-5 ірі қарасы болды. Сондықтан қазақ халқы қырылуға тиіс гулактар болды,-дейді ол. 

Сөз арасында ол, 1992 жылғы ашаршылықты зерттеу жөніндегі комиссия 1931-1932 жылғы ашаршылықта 2,3 млн адам қырылды деп мәлімдегенін және оған алдындағы екі ашаршылықта қырылғандар санын қосқанда 5 млн 200 мың адам болатынын айтты. 

Бұндай қазақ қайдан пайда болды дейін болсаңыз, Орынбордағы тарих институтын басқарған Александр Чулошников "Очерки историй киргиз-казахов" деген кітабында қазақтардың саны революцияға дейін 8 миллион деп көрсеткен,-дейді С. Елубаев.

Ашаршылық пен респрессия құрбандарын еске алуға арналған аталған шара "Егемен Қазақстан" басылымының ұйымдастыруымен өтті.

Өзгелердің жаңалығы