Аш қарынға кофе ішсеңіз не болады? Нутрициолог жауабы

8 Қыркүйек 2022, 15:05
4181
Бөлісу:
Аш қарынға кофе ішсеңіз не болады? Нутрициолог жауабы

Бұл кеңесті диетолог-нутрициолог Нариман Нұрғазин айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аш қарынға кофе ішудің қажеті жоқ. Әсіресе таңертең, әсіресе кофе. Кофе «протондық помпаны» активациялайды. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл асқазан сөлінің бөлінуінің жоғарылауына алып келеді. Және асқазанның және он екі елі ішектің шырышты қабатын тітіркендіріп жібереді, - дейді  Нариман Нұрғазин.

Маманның айтуынша, асқазан мен он екі елі ішектің гастритіне, эрозиясына немесе ойық жарасына(язваға) әкеліп соғуы мүмкін.

Егер оған қоса Helicobacter pylori бактериясы қосылса, бұл аурулардың. пайда болу ықтималдылығы жоғарылайды. Және де ашқарынға барған кофе бұл аурулардың асқынуына әкелуі мүмкін. Сондықтан кофе ішетін болсаңыз, міндетті түрде асқазанға кішкене болсын тамақ түсуі керек. Алайда, тек жеміс емес, - деп түсіндірді нутрициолог. 

Асқазан-ішек жолы аурулары қазіргі заманда адамның бойында ең жиі кездесетін бес аурудың бірі болып саналады.
Асқазан гастритінің пада болуына көп жағдайда хеликобактер пилори (Helicobacter pylori) микробы себепші болады. 
 

Өзгелердің жаңалығы