Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді.
Сіздерге Ұлттық экономика министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жасаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу», «Кәсіпкерлікті дамыту», сондай-ақ «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» сияқты 3 ұлттық жобаны таныстырғалы отырмын.
Мемлекет басшысының тапсырмасына және Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» іс-шаралары Ұлттық жобаларда көзделген, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінің мәслихатында.
Министрдің атап өтуінше, Ұлттық жобаларды іске асыру экономиканың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы 5 бағытты қамтиды. Бұл - индустриялық-инновациялық даму, мұнай-газ-химия және энергетика кешендерін, геология саласын дамыту, сондай-ақ шикізаттық емес экспортты ілгерілету.
Осы бағыттарды іске асыру шеңберінде 6 міндет, 13 көрсеткіш және 56 іс-шара көзделген, - деп атап өтті Әсет Ерғалиев.
Оның сөзінше, Ұлттық жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі 15,9 трлн, оның ішінде республикалық бюджеттен 402 млрд теңге қарастырылған. 15,5 трлн теңге жеке инвестициялар тарту көзделіп отыр.