Әсет Ерғалиев Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубымен кездесті

22 Ақпан 2021, 09:29
1238
Бөлісу:
Әсет Ерғалиев Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Экономикалық зерттеулер институты базасында Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының жұмысына қатысты.

Кездесуге қатысушылар Қазақстанның экономикалық дамуының ең өзекті мәселелерін талқылады. 

Кездесуді ашқан Ұлттық экономика министрлігінің басшысы пандемия жаһандық экономикалық жүйеге айтарлықтай өзгерістер енгізгенін атап өтті. Ерғалиев қазіргі кезеңдегі мемлекетіміздің экономикалық дамуын анықтайтын үрдістерді талдап, ведомствоның жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып берді. 

Ол көптеген ел өткен жылы экономиканы, соның ішінде Қазақстан да қолдаудың теңдессіз шараларын қабылдағанын атап өтті. 2020 жылы дағдарысқа қарсы шаралардың 3 пакеті қабылданып, іске асырылды. Бұл халық пен бизнесті қолдау жөніндегі шұғыл шаралар, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау жөніндегі жедел шаралар және экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар. 

Жедел әрекет ету шараларын қолдана отырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыруға тырысып, біз әрқашан елдің ұзақ мерзімді міндеттері туралы ойладық және ойлай береміз, сондықтан экономикалық саясатта теңгерімді көзқарасты ұстанамыз. Экономикалық тұрақтылықты қолдау бойынша барлық қысқамерзімдік шешімдер елдің экономикалық дамуының стратегиялық міндеттерін міндетті түрде ескереді. ҚР Президенті жанынан құрылған реформалар жөніндегі Жоғары Кеңес экономикалық саясаттың ұзақмерзімдік міндеттерімен белсенді жұмыс істеуде. Кеңестің өткен отырысында кәсіпкерлікті қолдау бойынша шұғыл шаралар пакеті қабылданды. Сонымен қатар ортамерзімдік, ұзақмерзімдік шараларды әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгін ҚР Үкіметі еліміздің 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспарын әзірлеуде. Бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық басым салаларын сипаттайтын құжат, - деді Ерғалиев.

Айта кетейік, сарапшылар бюджет саясатының, мемлекеттік жоспарлау жүйесін реттеудің маңызды мәселелерін қозғады, сондай-ақ бюджет саясатының жаңа тұжырымдамасына өз ұсыныстарын берді. 

Кездесуді қорытындылай келе, Әсет Ерғалиев сарапшылардың сындарлы ұсыныстары үшін алғысын білдіріп, келіп түскен ұсыныстарды егжей-тегжейлі талқылауға және оларды одан әрі жұмыста ескеруге дайын екенін білдірді.


Өзгелердің жаңалығы