Әсет Ерғалиев «Энергетика саласын дамыту» бағытының басты міндеттерін атады

5 Қараша 2021, 14:47
1767
Бөлісу:
Әсет Ерғалиев «Энергетика саласын дамыту» бағытының басты міндеттерін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты.

«Энергетика саласын дамыту» бағыты шеңберінде инвестициялық тартымдылықты арттыру және геологиялық материалдарды сақтау және өңдеу бойынша қазіргі заманғы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көзделген. Аумақтың геологиялық зерттелуін қамту 683,9 мың шаршы шақырымға ұлғаяды. Саланың инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында қор қоймасы, 2 керн қоймасы салынып, 4 керн қоймасына жөндеу жүргізіледі, – деді Әсет Ерғалиев.

Ұлттық экономика министірі қабылданған шаралардың нәтижесінде 2025 жылға қарай геологиялық материалдарды сақтау және өңдеу бойынша мемлекеттік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейі 100%-ке дейін жеткізілетінін айтты.

Еске салайық, бұған дейін 2025 жылға қарай 5 мұнай-газ химия зауыты пайдалануға берілетінін айтқан болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы