Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысының өкімімен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2022 жылдың қазан айынан бастап Әсел Жанасова «Қазпошта» АҚ басқарма төрайымы қызметін атқарып келді.