Әсел Айтпаеваның өлімі. Күдіктіні қамау мерзімі ұзартылды

15 Шілде 2021, 13:05
2663
Бөлісу:
Әсел Айтпаеваның өлімі.  Күдіктіні қамау мерзімі ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грузияда қайтыс болған Әсел Айтпаеваның өліміне қатысы бар делінген күдікті Мұрат Мейірбековті қамау мерзімі ұзартылды.

2021 жылдың 9 шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты күдікті Мейірбековтің қамауда ұстау мерзімін 2021 жылдың 15 тамызына дейін ұзартты. Сот шешіміне шағым жасалды және материал апелляциялық сатыдағы сотта қарау үшін Нұр-Сұлтан сотына жіберілді, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Шешім шағымдануына байланысты заңды күшіне енбеген. Олар тергеу жұмыстары жалғасып жатқандықтан, Мейірбеков ҚР Қылмыстық кодексінің қандай баптары бойынша айыпталып отырғанын атаудан бас тартты.

Айта кетейік, 26 жастағы Әсел Айтпаеваның денесі 5 мамыр күні Тбилиси қаласындағы бір үйдің терезесінің астынан табылған еді. Ол 9-қабаттан құлап мерт болған.

Кейіннен Грузия прокуратурасы қазақстандық қызды зорлау және өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу ісі бойынша айыптау шығарды.

16 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінен мәлім еткендей, бойжеткеннің ата-анасының арызы бойынша оның туысы М.Мейірбеков ұсталып, оған қатысты Қылмыстық кодекстің 128-бабы бойынша (адам саудасы) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Өзгелердің жаңалығы