Бүгін Үндістан астанасы Делиде шахматтан әйелдер арасындағы Гран-придің 7-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Қазақстандық Бибісара Асаубаева үндістандық Хампи Конерумен тең түскеніне қарамастан, қытайлық Жу Цзинерді артқа тастап, көш басына шықты. Қазір 6 ойыннан кейін Бибісараның еншісінде 4,5 ұпай бар. Ал Жу Цзинерде 4 балл. Екі шахматшы бүгін 8-турда кім мықтыны анықтамақ.
Айта кетейік, қазақстандық шахматшы кеше Полина Шувалованы, оның алдында тағы бір үндістандық Харика Дронаваллиді сенімді ұтқан. Делидегі Гран-придің 3-кезеңі 6 сәуірде аяқталады.