«Asar joly» қайырымдылық марафоны 20 мың шақырымды жүріп өтеді

16 Шілде 2022, 13:00
2198
Бөлісу:
«Asar joly» қайырымдылық марафоны 20 мың шақырымды жүріп өтеді
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорда ипподромдарының біріндегі этно ауылда құрылтай форматында өткен іс-шарада «Asar Ume» қайырымдылық қорының жетекшісі Асхат Нұрмашев айтты.

«Asar joly» жобасының мақсаты – 20 мың шақырым жол жүріп, бүкіл елімізді аралап, барлық қалаларымызға соғып, ата-бабамыздан қалған жолды қуып, жақсылықта жарысып, мұқтаждарға пана беріп, қол ұшын созып, жас балаларға, қиыншылықта жүрген отбасыларға мотивация беру. Ел бойынша елу шақты отбасын баспаналы етуді жоспарлап отырмыз. Одан басқа, жұмыспен, біліммен, кәсіппен көмектесу ойымызда бар, - дейді ол.

«Asar joly» қайырымдылық марафоны 20 мың шақырымды жүріп өтеді

Асхат Нұрмашевтың айтуынша, бұл іс-шараға министрлік өкілдері, блогерлер, өнер адамдары, елорда қонақтарынан бөлек, Қазақстанның әр өңіріндегі «Asar Ume» қайырымдылық қорының еріктілері де келген.

«Asar joly» қайырымдылық марафоны 20 мың шақырымды жүріп өтеді

Біз 3 жыл бойы баспанамен ғана айналысып келдік. Сол үш жылда 440 отбасыға баспана сыйладық. Ол – 2600 бала. Ендігі мақсат мұқтаж адамдарға мотивация, сенім беріп, оларды ояту. Біздің басты мақсат – баспана беріп қана қоймай, сол баспана берген отбасылар өздері байып, басқаларға көмектесуін қамтамасыз ету, - дейді Асхат Нұрмашев.

«Asar joly» қайырымдылық марафоны 20 мың шақырымды жүріп өтеді

«Asar joly» қайырымдылық марафоны аясында еріктілер 20 өңірді екі жарым айда аралап шығуды жоспарлап отыр.

Айта кету керек, бұл іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруға, нығайтуға, ел халқының мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттауға бағытталған жаңа Қазақстанның құрылысы аясында жастардың қоғамдық пайдалы бастамаларын қолдау мақсатында атсалысты.

«Asar joly» қайырымдылық марафоны 20 мың шақырымды жүріп өтеді
Өзгелердің жаңалығы