Гимнаст Асан Салимов Мысырдағы әлем кубогының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін Мысыр астанасы Каирде спорттық гимнастикадан әлем кубогының шешуші жарыс күні өтіп жатыр. ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәліметінше, ұлттық құрама спортшысы Асан Салимов тіреніп секіру жаттығуында финалда бақ сынап, күміс медаль жеңіп алды.
Отандасымыз ақтық сайыста 14.083 ұпай иеленді.
Жүлдегерлер:
- Артур Давтян (Армения) - 14.666 балл
- Асан Салимов (Қазақстан)
- Йонас Данек (Чехия) 14.016 ұпай
Осы дисциплинада тағы бір отандасымыз Алтынхан Темірбек үздік бестікке кірді.
Бұл Кирде Қазақстан құрамасының қоржынына түскен 3-жүлде.
Кеше тұтқалы ат снарядындағы финалда Зейнолла Ыдрысов күміс, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов қола медаль иеленген.