Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Аса ірі көлемдегі ұрлық: FlyArystan-ның бұрынғы қызметкерлеріне үкім шықты

Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
Фото: Арман Мухатов - архив

Алматыда сот аса ірі көлемде компания қаражатын зағсыз иемденген FlyArystan әуекомпаниясының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында үш азаматқа қатысты сеніп тапсырылған ақшалай қаражатты иемдену және талан-таражға салу, сондай-ақ оларды заңдастыру фактілері бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотта екі менеджер мен департамент директоры 2019 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде ақшалай қаражатты иемденгені анықталды. 

Олар ұрланған қаражатқа жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алынған. 

Сотталушылар кінәларын мойындамады. 

Сот үкімімен екі менеджер ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы, 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, ҚР ҚК 58-бабы 3-бөлігі негізінде мүлкін тәркілей отырып, 8 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал департамент директоры ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы, 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, ҚР ҚК 58-бабы 3-бөлігі негізінде мүлкін тәркілей отырып, 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деп жазылған Алматы сотының хабарламасында. 

Келтірілген залал сотталушылардан ортақ тәртіпте өндірілді. Қылмыстық жолмен алынған мүлік жәбірленуші тараптың залалын өтеу есебіне тәркіленді. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы