Асқар Мамин қасиетті Рамазан айымен құттықтады

24 Сәуір 2020, 09:26
1771
Бөлісу:
Асқар Мамин қасиетті Рамазан айымен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлады primeminister.kz. 

Қазақстанның мұсылмандар қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын. Бұл – адамның кіршіксіз таза ниеті мен ізгілікті істері үшін Жаратушының шексіз рақымына бөленетін, ал Ораза ұстап, ауыз бекіту сенімі мен рухын нығайтып, сабыры мен ерік-жігерін дамытатын рухани кемелдену кезеңі. Рамазан мұсылмандарды ғана емес, біздің еліміздегі өзге дін өкілдерін де біріктіретін мейірім мен қайырымдылық, жомарттық сияқты шынайы адамгершілік қасиеттерді толық тануға жол ашады. Барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, қажымас жігер мен жақсылыққа деген сенім, бейбітшілік пен амандық тілеймін!, – делінген Премьер-министрдің құттықтауында.

Өзгелердің жаңалығы