Қаржы министрі қызметтік көліктен бас тартты

14 Ақпан 2019, 12:33
3281
Бөлісу:
Қаржы министрі қызметтік көліктен бас тартты

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Қаржы министрлігі 400 қызметтік көліктен бас тартты. Бұл туралы ведомство басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл министрлікке қарасты аудандық бөлімшелер қызметтік көліктерді пайдаланудан бас тартқан.

«Бұл – 400-ден астам автокөлік. Қажетті автокөлік қызметтері бәсекелестік ортадан сатып алынады. Жалпы жоғарыда аталған шара шамамен 3,5 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдейді. Үнемделген қаражат №304 жарлыққа сәйкес министрлік пен оның комитеттері қызметкерлерінің жақалысын көтеруге жұмсалады», - деді министр.

Осы орайда Әлихан Смайылов министрліктің жұмысын одан әрі жетілдіру қажеттігін жеткізді.

«2019 жылдың 1 қаңтарынан ведомствоға қарасты мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі орталықтандырылды. Министрліктің орталық аппарат, комитеттер, аумақтық бөлімшелер қызметкерлерінің жалақылары мен іссапар шығыстары бір орталықтан есептелінеді және төленеді. Министрлік жүйесінде мемлекеттік орган мәртебесі бар 80 заңды тұлға бар. Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуға көшу жүргізілуде», - деді Ә.Смайылов.

Айта кетейік, осыған дейін қаржы министрі Әлихан Смайылов биыл 123 объект жекешелендірілетінін, әрі Үкімет басшысының орынбасары Ерболат Досаев мемлекеттің кәсіпорындар алдында қомақты берешегі бар екенін хабарлағанбыз. 

Дәурен Ерболат


Өзгелердің жаңалығы