Қаржы министрі COVID қорынан қанша ақша кеткенін айтты

5 Қыркүйек 2020, 09:20
1399
Бөлісу:
Қаржы министрі COVID қорынан қанша ақша кеткенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 инфекциясымен күресте тиімділік мәселесі жоқ, Украина індетпен күресте барлық ресурстармен қамтамасыз етілген, деді елдің қаржы министрі Сергей Марченко.  

COVID-19-бен күрес қорынан қаражаттың шамамен 30%-ы жұмсалды. 

Министрдің айтуынша, қордағы ақша Украинаның коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күресуі үшін жеткілікті.

66 миллиард гривеннің тек 19 миллиард гривені ғана пайдаланылды, - деді министр.

Марченконың айтуынша, қор қаражаты түрлі бағыттарға бағытталған.

Кейбір бағыттар бойынша қаржы  тиімсіз пайдаланылса, біз оларды өзге салаларға қайта бөле аламыз, - деді ол.

Министр індетпен күресте қаражатты үнемдеу мәселесі жоқ екенін айтты.

COVID  қорындағы ақша жетпесе, біз басқа бағдарламалардан қайта бөлеміз, ресурсты бюджеттің кіріс бөлігі есебінен табамыз, өйткені бюджеттің кіріс бөлігі қазір артығымен орындалуда, - деді министр.
Өзгелердің жаңалығы