"Арзандаса екен". Халық ертеңгі Жолдаудан не күтеді?

31 Тамыз 2023, 16:16
3171
Бөлісу:
"Арзандаса екен". Халық ертеңгі Жолдаудан не күтеді?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ видеодан кадр

Ертең, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа кезекті Жолдауын жасайды. Халық дәстүрлі өтетін Жолдаудан көп үміт күтеді. Мемлекет басшысының үндеуі аяқталған соң билікте кейбір ұсақ-түйек ауыс-түйістер басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін біз Астана халқының тұрғындарынан ертеңгі Жолдаудан не күтетінін сұрап білдік. 

Еске сала кетсек, ертең Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады.

Мемлекет басшысы қыркүйек айында жарияланатын Қазақстан халқына Жолдауында елдің экономикалық саясаты туралы өзінің көзқарасын баяндауды жоспарлап отыр.

Біз мүлдем жаңа бағытқа көшу үшін Қазақстанның экономикалық дамуына тың серпін беруіміз керек. Жауапты тарихи сәт келді. Демек Қазақстан экономикасы да қазіргі деңгейде қала алмайды. Сөзсіз солай боларына сенімдімін, - деген еді Президент. 

Назерке Өтеген

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы