Арзан автонесиенің электрондық кезегі пайда болады

28 Сәуір 2022, 16:03
1826
Бөлісу:
Арзан автонесиенің электрондық кезегі пайда болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Қазір әрбір банктің өзінде бұл қызмет цифрланды. Қазір олар өз бағыттары бойынша жұмыс істеп жатыр. Алайда біз барлық мәліметті интеграциялап, бірыңғай кезекке қоюды жоспарлап отырмыз. Бұл банктер мен халыққа тиімді болар еді. Онда бір адам екі жылда бір рет қана көлік алатынын туралы ақпарат болады. Осындай маңызды мәліметті уақытылы біліп отыру қажет, - деді ол. 

Сапарбеков айтқандай, электрондық кезек екінші дәрежелі банктер таңдалып, автонесие бойынша барлық параметр орындалған соң, ол іске асады. 

Аталған автонесие аясында  бір адамға ең көбі 10 миллион теңге кредит беріледі. Басты жарнаның болуы міндетке қойылмайды. Несиені 7 жылға дейін 4 пайызбен рәсімдеуге болады. Көліктің бағасы 15 миллион теңгеден аспауы қажет. 15 миллион теңге тұратын көліктің 10 миллион теңгесін кредитке рәсімделеді.

Өзгелердің жаңалығы