Арыстың балаларын шығыстың жазғы лагерлері қабылдауға дайын

3 Шілде 2019, 20:32
2343
Бөлісу:
Арыстың балаларын шығыстың жазғы лагерлері қабылдауға дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы 7 жазғы демалыс лагері 300-ден астам арыстық балғынды мүмкіндігіне қарамастан және осыған дейін алынып қойған жолдамаларды қайтармастан қабылдауға әзір. 

Бұл жөнінде облыс әкімдігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында өңір басшысы Даниал Ахметов хабарлады, altaynews.kz.

«Аталмыш 7 лагерь облыстың табиғаты таңғажайып аймақтарында орналасқан. Демалысты ұйымдастыру, оның ішіне балаларды Түркістан облысынан лагерьге дейін жеткізу және кері алып қайту, тамақтану, жатар орын шығындары қабылдаушы жақтың есебінен болады. Қазіргі уақытта балғындарды біздің өңірдегі лагерлерге жіберу бойынша Түркістан облысының Білім басқармасымен келіссөздер жүргізілуде», – деді Даниал Кенжетайұлы.

Бүгінгі таңда Катонқарағай ауданындағы «Арайлы Шығыс» - 50 баланы, Үржар ауданындағы «Үржарайым» лагері – 30 баланы, Риддер қаласындағы «Синегорье» лагері – 20 баланы, Глубокое ауданындағы «Толағай» лагері – 50 баланы, Семей қаласындағы «Қарағайлы» лагері – 50 баланы, Ұландағы «Болашақ» лагері – 50 баланы, Білім басқармасының «Дарын» лагері – 50 баланы қабылдауға әзір.
Өзгелердің жаңалығы