Арыстық 340 оқушы жазғы лагерге кетті

30 Маусым 2019, 15:35
1320
Бөлісу:
Арыстық 340 оқушы жазғы лагерге кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 маусым күні Арыс қаласының 140 оқушысы Ақмола облысындағы Бурабайға оқушылар лагеріне демалысқа кетсе, 200 оқушы Нұр-Сұлтан қаласына жол жүрді, деп мәлімдейді Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Олардың қауіпсіздігіне тәлімгерлер жауап беретін болады.

Арыстық балаларды демалысқа жіберудегі басты мақсат – төтенше жағдай факторлары салдарынан мектеп оқушыларына психологиялық көмек көрсету. Осы орайда жиыны 340 оқушыны ата-аналары Шымкент қаласындағы теміржол вокзалынан шығарып салып, сәт-сапар тіледі.

Айта кетейік, Арыс қаласында 40 мектеп бар, мұнда 19 916 бала білім алса, мектепке дейінгі ұйымдарда 5071 бала тәрбиеленіп жатыр.

Жалпы, бүгінгі күнге дейін арыстық 570 бала жазғы саяхатқа жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы