Арыстағы жарылыс туралы іс прокуратураға кері қайтарылды

30 Қаңтар 2021, 02:35
1162
Бөлісу:
Арыстағы жарылыс туралы іс прокуратураға кері қайтарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент гарнизонының әскери соты кемшіліктерді жою үшін Арыс қаласындағы жарылыстар туралы істі прокуратураға жіберу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 323-бабына сәйкес, қылмыстық істегі кемшіліктерді жою және осы іске қатысы бар басқа адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында прокуратураға қайтарылды. Шешім 21 қаңтарда шығарылды және заң әлі күшіне енген жоқ, - деді әскери соттың кеңсе меңгерушісі Ғани Өтеулиев.
Бұл іске қатысты 16 адам сотқа тартылған. Оның 15-і әскери қызметкерлер, біреуі жеке тұлға. Зардап шегуші ретінде 1500 адам танылды. Сот ісі 2020 жылдың маусым айында басталды.

2019 жылдың жазында Арыс қаласындағы әскери бөлімде оқ-дәрілер қоймасы жарылды. Жарылыстар сериясы бір тәуліктен астам уақытқа созылды, халық эвакуацияланды. Төтенше жағдай салдарынан үш адам қаза тапты: екі әскери қызметкер және бір жергілікті тұрғын. 11 қазанда Арыс маңындағы оқу-жаттығу полигонында жиналған оқ-дәрі сынықтарын жою бойынша жоспарланған жұмыс кезінде әскери бөлімнің инженерлік қызметінің бастығы қаза тапты.

Өзгелердің жаңалығы