Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дауешов арнайы іссапармен Арыс қаласына келді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Арыс қаласында болған жарылыс салдарынан зардап шеккен «Арыс-1» теміржол вокзалының жөндеу жұмыстарымен танысқан Нұрғиса Мұратұлы жергілікті тарихи маңызға ие нысанның сыртқы келбеті мен ішкі әрлеу жұмыстарының тиісті талаптарға сай жүзеге асуын пысықтады», - делінген хабарламада.
Осы орайда министрлік тарапынан шұғыл комиссия тобы құрылып, қайта жөндеу жұмыстарының заң талаптарына сәйкестігі, сәулеттік келбетінің тарихи қалпында сақталуы, құрылымдық негіздері сарапқа салынды.
Министрліктің мәліметінше, сапар барысында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Айтмұхаметов, «Қазқайтажаңарту» РМК директоры м.а. А.Садуов, «Қазқайтажаңарту» РМК бас кеңесші-жетекші инженері Қ.Тұяқбаев, Ғылыми зерттеу және жобалау филиалы, жоба бас архитекторы Н.Имажанов, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі С.Қалқаманов, Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма басшысының орынбасары А.Жетпісбаев, Арыс қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г.Садықованың қатысуымен арнайы мәжіліс өтті.