Арыстағы жарылыстан әзірге зардап шеккендер жоқ – Қорғаныс министрлігі

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қорғаныс министрлігі Арыс қаласының маңындағы жарылысқа байланысты мәлімдеме жасады.</h4>

24 Маусым 2019 2019, 11:47
АВТОР
 24 Маусым 2019 2019, 11:47
24 Маусым 2019 2019, 11:47
1887

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қорғаныс министрлігі Арыс қаласының маңындағы жарылысқа байланысты мәлімдеме жасады.


«2019 жылдың 24 маусымында Түркістан облысының Арыс қаласы маңындағы ҚР Қарулы күштерінің арсеналдарының бірінде өрт болып, салдарынан оқ-дәрілердің жарылысы орын алды. Қазіргі сәтте қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жарылыс себептері анықталып жатыр. Қорғаныс министрлігінің басшылығы оқиға орнына арнайы комиссия жіберді. Жарылыс салдарын жою және мейлінше азайту жұмыстары жүріп жатыр», - делінген хабарламада.
Наверх