Арыстағы жарылыс. Қалаға әзір қайтуға болмайды

25 Маусым 2019, 11:20
2125
Бөлісу:
Арыстағы жарылыс. Қалаға әзір қайтуға болмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Арыстағы арнайы штабтан тікелей эфирде қосылған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев хабарлады.

«Бүгін 25 маусым күні сағат 11.00 жағдай бойынша Арыс қаласындағы төтенше жағдай жалғасуда. Бүгінде біршама тұрақталды. Әскери бөлім аумағында өрт жалғасуда, жарылыстар қаупі бар. Сондықтан қала түгелімен полицейлер мен әскерилердің күзетіне алынды. Блок посттар жұмыс істеуде. Қалаға қайтып келеміз деп жатқандар бар, оларға айтарымыз қалаға әзір кіруге болмайды», - деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тікелей эфирде.

Аймақ басшысының айтуынша, төтенше жағдайды жою үшін ТЖ желесі бойынша жеке құрамның 363 адамы мен 40 техника жұмыс істеуде.

«Тұрғын үйлердің барлығының терезесі сынып кеткен, ал 88%-нің шатыры құлаған. Бүгінде Қорғаныс министрлігінің жеке құрамының 1800 адамы мен 50 дана техника қаланы патрульдеп жүр. Арыс қаласындағы барлық әлеуметтік нысандар болсын, тұрғын үйлер болсын барлығын қарап, шығын көлемін есептеудеміз. ҚР Үкіметі жіберетін комиссиясының келгеніне дайындаламыз», - деді ол.

Сөз соңында, Өмірзақ Шөкеев «Бөген» су қоймасынан төніп тұрған қауіп жоқ, деп баса айтты.

«70 адам жарақат алса, 2 адам қайтыс болды. Барлық штабтардың жұмысы мен барлық органдардың жұмысы төтенше жағдай толығымен жойылмайынша жалғасатын болады», - деді Шөкеев.



Өзгелердің жаңалығы