Арыстағы балалардың бәрі ата-анасымен қауышты

25 Маусым 2019, 10:50
1692
Бөлісу:
Арыстағы балалардың бәрі ата-анасымен қауышты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арыста эвакуацияланған балалардың барлығы ата-анасымен қауышты. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді.

"Балалармен болған жағдайға келер болсақ, 25 маусым күні түнде Түркістан облысы әкімінің орынбасарымен сөйлескен едім. Ол бөлімшелер, соның ішінде ІІМ әкімшілікпен бірге балалардың суреттерін сайттарға жариялады,  соның ішінде Түркістан облысы, Шымкент қаласы әкімдіктерінің сайттарында орналастырғанын баяндады. Жалпы алғанда осындай 19 өтініш болды", - деді Ильин.

Оның айтуынша, бір жастағы соңғы үш бала түнде ата-анасына табысталды.

"25 маусымда бізде бар ақпараттар мен өтініштер бойынша барлық бала табылды, барлық бала қазіргі таңда ата–анасымен бірге", - деді  Ильин.

Осыған дейін ІІМ орынбасары кулуарларда Арыс қаласында жарылыс кезінде қаза тапқан екі адам туралы ақпарат берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы