Арыста марокко шегірткесі қаптап кеткен

Түркістан облысы Арыс ауданы Қожатоғай ауылдық округінде шегірткетектестер көбейіп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 pixabay.com 6 Маусым 2024 2024, 14:47
6 Маусым 2024 2024, 14:47
1125
Фото: pixabay.com

Түркістан облысы Арыс ауданы Қожатоғай ауылдық округінде шегірткетектестер көбейіп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АШМ баспасөз қызметі мәліметінше, 2024 жылғы 5 маусымдағы жағдай бойынша Түркістан облысында марокко шегірткесінің дернәсілдері бойынша 715,18 мың га зерттелді.

Оның ішінде өңдеуге жататын жер көлемі 260,4 мың га, өңделген аумақ 259,3 мың га немесе болжамды көлемнің 95,5%-ын құрайды. Бүгінгі күні бұл аумақ толығымен өңделді, шегірткетектестердің таралу ошағы жойылды. Ауыл шаруашылығы дақылдары егістіктерінің зақымдануы анықталған жоқ, - делінген хабарламада.

Наверх