Арыста банк бөлімшелері мен сауда орындары жұмыс істей бастады

2 Шілде 2019, 19:25
2350
Бөлісу:
Арыста банк бөлімшелері мен сауда орындары жұмыс істей бастады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдайды бастан өткерген Арыс жұртшылығы туған қалаларына оралып, тіршілік қыза түсті. Арыстағы барлық банк бөлімшелері ашылып, жұмысын бастап кетті, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Тұрғындарға жалақы, атаулы әлеуметтік көмек, зейнетақы және жәрдемақы аударылуда. 

Қаладағы сауда орындары мен базарларда, дүкендерде азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар мен бұйымдар, тауарлар сатылып жатыр. Ұн, макарон өнімдері, киім-кешек, көкөніс сатылымға шықты. Мал базары да ашылды. Кәсіпкерлер қалыпты жағдайда жұмыс істеуде. 

de7474ed-8521-4c5d-99fa-b6a8fc9003cc.jpg

Ал дүкеніне зақым келген кәсіпкерлерге нысандарды жөндеу үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Оларға арнайы секторларға бөлінген құрылысшылар көмектеспек. Нысандар қысқа мерзімде жөнделеді. 

fed4eee1-b5c0-4d92-987f-3f11314dbe89.jpg

Арыс қаласында 340-тан астам кәсіпкерлік нысаны бар. Оның ішінде 164 дүкен, 5 базар, 8 тойхана, 28 кафе, 6 наубайхана, 5 дәмхана, 5 қонақ үй тіркелген. 

8f2e2ad6-643c-46a7-af66-f719026a943f.jpg

Осы нысандардың зардап шекпегендері қалыпты жағдайда жұмысқа кірісіп кетті.

Өзгелердің жаңалығы