Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі жарылыс салдарын жоюға қанша адам мен техника жұмылдырылғанын хабарлады.
«2019 жылдың 24 маусымында сағат 09:20 - да өртке қарсы күрес қызметінің пультіне Түркістан облысы Арыс қаласында орналасқан №44856 әскери бөлімінің қоймасында өртке ұласқан жарылыс болғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 52 адамы және 12 өртке қарсы техникасы, сонымен бірге Шымкент қаласындағы жеке құрамның 23 адамы мен 1 кинологиялық бірлігі жіберілді. Қазір өрт сөндіру және эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер туралы мәліметтер жиналуда. Қазір облыс әкімінің басшылығымен жұмыс тобы құрылды», - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы