Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 тамыздағы жағдай бойынша Арыс қаласындағы 6,8 мың тұрғын үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. 2,1 мың тұрғын үйде шағын жөндеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
7 мыңнан астам маман қаланың қираған тұрғын үйлерін қалпына келтіруде. Секторлардағы барлық құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде және тұрақты бақылауда.
"Біз қала тұрғындарын жұмыс жүргізу мәселесі бойынша алаңдамауды сұраймыз. Бірде-бір лауазымды адам жұмысты аяқтамай, қаладан кетпейді. Әрбір үй қатаң бақылауға алынып, Арыс қаласында бірде-бір отбасы назардан тыс қалмайтынын атап өткім келеді", - деді Өскенбаев.
Сонымен қатар, 77 үйде үй иелерінің келіспеуі немесе меншік иелерінің орнында болмауы себебінен жұмыстар әлі басталған жоқ. Халықпен арадағы барлық даулы мәселелерді 17 сектордағы өңірлер мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерінің өкілдері пысықтауда.