Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Балаларды мектепке жинаймыз» қайырымдылық акциясы шеңберінде Арыстағы теміржолшылардың 700 астам балаларына көмек берілді, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» баспасөз қызметі.
Мектеп керек-жарақтарын негізінен көпбалалы отбасынан шыққан балалар алды.
Материалдық көмек зардап шеккен теміржолшылар отбасыларына да көрсетілді. Оларға азық-түлік пен бірінші кезектегі қажетті заттар жеткізіліп берілді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адамдық ресурстарды басқару жөніндегі департамент қызметкерлерімен сондай-ақ Компаниядан көмекті қалай алуға болатыны туралы түсіндіру әңгімелері жүргізілді.
Жарылыстан зардап шеккен теміржолшылар үшін штабта тұрғын үй құрылысын жүргізу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғын үйлерді өткізу мерзімдері талқыланды.
«Арыстағы әріптестерге көмек көрсету бойынша қайырымдылық акциясына басшылар, қатардағы қызметкерлер, кәсіподақ ұйымдары қатысты. 50 мыңнан астам жас теміржолшылар игілікті бастаманы белсенді қолдады және балалар үшін қажетті барлық кеңсе тауарларын жинады. Компания қызметкерлері ерікті түрде бір күндік жалақыларын жинап берсе, бұл Түркістан облысы Арыс қаласында зардап шеккендер үшін қажетті 182 миллион теңгеден астам», - деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару жөніндегі департаменттің бас менеджері Ақмарал Байғабылова.
Зардап шеккендер қорына ерікті түрде «БКЛК ЕТА» АҚ көлік-логистикалық компанияларының өкілдері қаржы аударды.
БКЛК ЕТА – қатысушы-елдер: Қазақстан, Ресей және Беларусь теміржол инфрақұрылымдары базалық дәліздерімен айналысады.