Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Үйіне оралған Арыс қаласының тұрғыны Закура Зафар осылой мәлімдеді.
Түркістан облыстық әкімі баспасөз қызметінің өкілі Төребек Байтастовтың айтуынша, қазіргі таңда тұрғындар қалаға толығымен кірді. Алдыңғы лекпен бес жарым мыңдай халық келген. Тасымалдауға 135 автобус бөлініп, кейіннен тағы да мешітте халық санының көбеюіне байланысты 18 қоғамдық көлік қосылды, деді ол.
Алғашқы лекпен шаңырағына аман-есен оралған қала тұрғыны Закура Зафар үйінен ешқандай мүлкі ұрланбағанын, комиссия мүшелерінің келіп тексеріп, суретке түсіріп кеткенін атап өтті.
«Мен осы Арыс қаласы Северный көшесі, №1 үйде тұрамын. Міне, үйімізге келдік. Үйімізді дәрілеген екен. Комиссия мүшелері келіп тексеріп, қандай және қанша заттарымызбен мүлкіміз сынғанын жазып алды, қол қойып бердік. Ұрланған затымыз жоқ, бірақ қираған заттарымыз бар. 3-4 терезе сынған. Рамкасымен түсіп кеткен, әсіресе үйіміздің төбе шатыры кеткен. Үйді кіріп көрсеңіздер болады. Тоңазытқышта тұрған азық-түліктің бәрін тастадық. Ит қорамызда бір ит өліп жатыр. Өзіміздің итіміз тірі. Осында қонақ күтіп, шай ішіп отырған жерімізден қалай сиренаның дауысы шықты, бәріміз тұра қаштық», - деді арыс тұрғыны Закура Зафар.
Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев кеше 28 маусымда сағат таңғы 8-де арыстықтардың үйлеріне қайтатынын хабарлаған болатын.