Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 маусымда (08:00 ден 13:00 дейін) «Қазгидромет» РМК Түркістан және Қызылорда облыстары бойынша филиалдары жоспардан тыс атмосфералық ауа, топырақ, радиациялық фон және жерүсті сулар бойынша сынамалар алуды ұйымдастырды.
Атмосфералық ауа сынамалары 9 нүктеде 6 ластаушы заттар бойынша алынды:
1. Арыс ГБ
2. А.Садыкбаев көшесі
3. Л.Төлебай көшесі
4. Р.Закир көшесі
5. Ақынбеков көшесі
6. Қалдаяқов көшесі
7. Алма Героев көшесі
8. Ақмұрзаев көшесі
9. Бүйсентаева көшесі
№ |
Ластаушы заттар |
Өлшенген шоғыр |
Норма |
1 |
Қалқыма заттар |
0,16 мг/м3* |
0,5 мг/м3 |
2 |
Азот диоксиді |
0,04 мг/м3 |
0,2 мг/м3 |
3 |
Азот оксиді |
0,02 мг/м3 |
0,4 мг/м3 |
4 |
Көміртегі оксиді |
1,3 мг/м3 |
5 мг/м3 |
5 |
Күкірт диоксиді |
0,01 мг/м3 |
0,5 мг/м3 |
6 |
Формальдегид |
0,02 мг/м3 |
0,05 мг/м3 |
*мг/м3 – миллиграмм шаршы метр
Талдау нәтижелері бойынша барлық 8 нүктеде ластаушы заттардың асуы байқалмады.
Радиациялық фон (экспозициялық дозаның қуаттылығы рұқсат етілген нормадан аспады – 0,15 мкЗв/сағ (норма 0,57 мкЗв/сағ** жоғары емес);
Радиоактивті түсулердің тығыздығы – 98 Бк/м2 (норма - 110 Бк/м2*).
*Бк/м2 Беккерель шаршы метр **МкЗв/ч – Микрозиверт сағ.
Жер үсті су сынамаларын алу 4 нүкте бойынша жүргізілді:
1. Арыс өз. жоғарғы ағысы –Сарыарық а. көпірінің жаны
2. Ортаңғы ағыс, Арыс қ., Арыс ГБ
3. Төменгі ағыс, Шәіулдір а. 2 км қашықтықта
4. Сырдария өзенінің құяр жерінде, Шәуілдір ГБ
Сынамалар алу су сапасының 48 көрсеткіші бойынша жүргізілді:
көзбен шолып бақылау, су температурасы, сутегі көрсеткіші, оттегімен қанығу, меншікті электр өткізгіштігі, еріген оттегі, қалқыма заттар, түстілігі, мөлдірлігі, иісі, көміртегінің қос тотығы, оттегінің химиялық тұтынылуы, 5 тәулік ішінде оттегінің биохимиялық тұтынылуы, хлоридтер, сульфаттар, гидрокарбонаттар, кальций, магний, натрий мен калий жиынтығы, иондар жиынтығы, құрғақ қалдық, кермектік, аммоний ионы, нитрит-анионы, нитрат-анионы, азот жиынтығы, фосфаттар, жалпы фосфор, жалпы темір, темір (3+), кремний, фторидтер, СББЗ, кадмий, қорғасын, марганец, мыс, мырыш, кобальт, хром (3+), хром (6+), жалпы хром, күшән, никель, сынап, күкіртті сутегі, мұнай өнімдері, фенолдар.
30 маусымда жүргізілген талдау нәтижелері бойынша су сапасының 29 көрсеткіші бойынша бекітілген нормадан асу анықталған жоқ. Су сапасының қалған 19 көрсеткіштері бойынша талдаулар 5 күн ішінде дайын болады.
Жерүсті сулары мен атмосфералық ауаның талдау нәтижелері бойынша жоғары және экстремалды-жоғары ластану анықталған жоқ.