Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс депосында өрт сөндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
«Ағымдағы жылдың 11 шілдесінде сағат 16.00 Арыс локомотивтерді пайдалану депосы ауласындағы ЛТТП (локомотивтерді тексеру техникалық пункті) ғимаратының шатырында өрт тұтанды. Депо аумағына электр энергиясын беру тоқтатылды. Депоға жедел өртсөндіру пойызы келіп жетті. Өрт сөндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жапа шеккендер мен опат болғандар жоқ. Оқиға салдары тексерілуде», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Арыс қаласындағы темір жол депосында өрт болып жатқандығы туралы жазған болатынбыз.