Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арыстағы оқыс оқиғадан 31 адам зардап шеккен болатын. 24 сағаттық шұғыл желі жұмыс істеуде.
"Күндіз 4 үйдегі өрт ауыздықталып, одан бөлек 8 жерде өрт сөндірілді. Мұнда теміржол қозғалысы тоқтатылды. Барлығы 17 пойыз оның 8-і жолаушылар пойыздары. Қазір жолда тұрған бірнеше пойызға ауыз су жеткізілуде. Жолаушыларды көлікпен жеткізу ұйымдастырылды. Әзірше Арыс стансасы арқылы өтетін бірнеше рейс тоқтатылады", - деді ІІМ вице-министрі Юрий Ильин "Арыс, біз біргеміз" телемарафоны барысында.Тұрғындарға бір күндік жалақысын депутаттар мен бірқатар минстрліктер жолдады. Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық этно-мәдени орталықтары көмек көрсету орталығын құрды. Қазір тұрғындарға қажет азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізілді.
Алматыда "Мен алматылықпын" қозғалысы құрылып, көмек қолын созбақ. Энергетика министрлігі жанар-жағармай стансаларына қауіп төну жолдарын алдын алу шараларын жасауда.
Кәсіпкерлер де белсенді түрде көмек көрсетуде. Қарғандыдан 10 тонна азық-түлік әскери ұшақпен жөнелтілді. Шымкентте ақылы медициналық орталықтар тегін адамдарды қабылдап жатыр.