Арыс қаласын жанар-жағармаймен қамтамасыз ету Энергетика министрлігінің бақылауында

24 Маусым 2019, 20:03
1682
Бөлісу:
Арыс қаласын жанар-жағармаймен қамтамасыз ету Энергетика министрлігінің бақылауында

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласын жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесі ҚР Энергетика министрлігінің жіті бақылауында. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік қызметкерлері Арыс қаласындағы негізгі мұнай өнімдерін жеткізушілермен және ірі жанармай бекеттерінің басшыларымен тұрақты байланыс орнатты.

Қажет болған жағдайда Арыс қаласына жанар-жағармайдың қосымша көлемін жөнелту Түркістан облысы Әкімдігі арқылы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселесі бойынша органдармен ұйымдастырылады.

Сонымен қатар тиісті құрылымдарды қамтамасыз ету үшін Шымкент мұнай өңдеу зауытында мұнай өнімдерінің қоры жеткілікті екендігін атап өтеміз (бензин – 30,0 мың.тонна, дизель отыны – 5,5 мың тонна).

Өзгелердің жаңалығы