Арысқа көмектесуге санитарлық авиацияның 2 тікұшағы дайын - вице-министр

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін денсаулық министрлігі барлығын істеп жатыр. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев айтты</h4>

25 Маусым 2019 2019, 13:44
 25 Маусым 2019 2019, 13:44
25 Маусым 2019 2019, 13:44
1447

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін денсаулық министрлігі барлығын істеп жатыр. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев айтты.

«Жамбыл және Қызылорда облыстарының тағы 12 жедел жәрдем тобы толық дайын.Сондай-ақ жаралы азаматтарға көмектесу үшін Алматы қаласынан екі медициналық бригада жіберілді. Оның құрамында -реаниматологтар, травматологтар,, балалар реаниматологтары және нейрохирургтар бар.  Қазіргі кезде барлық ауыр науқастарға консультациялық көмек көрсетіліп, олардың біреуіне осы жерде операция жасалды», - Олжас Әбішев Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында.

Вице-министр сондай-ақ, қажет болған жағдайда, санитарлық авиацияның 2 тікұшағы дайын екенін айтты.

«Ол тікұшақтардың борты медициналық жабдықтармен және мобильді бригадалармен жабдықталған.  Қазіргі кезде денсаулық сақтау министрлігі мен барлық зардап шеккен адамдарға медициналық қызметтерді көрсету үшін бар күш-жігерін салуда» - деді ол.

Наверх