Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Арықтау мен семіруге тамақтың қатысы бар ма? – гастроэнтеролог пікірі

17 Қазан 2025, 18:17
762
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
Фото: Арман Мухатов - архив

Кей адамдар кез келген тағамды қанша жесе де дене бітімін сақтап жүре алады. Ал басқалары калорияны мұқият есептегеннің өзінде салмақ қосады. Медицина ғылымдарының кандидаты, гастроэнтеролог және гепатолог Сергей Вяловтың айтуынша, мәселе тек зат алмасу немесе тұқым қуалаушылықта ғана емес. Семірудің негізгі факторы – ішек микрофлорасының құрамына байланысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Progorod59.ru-ға сілтеме жасап.

Зерттеулер көрсеткендей, салмақ тастауы қиын адамдардың ағзасында Firmicutes типті бактериялар басым болады. Бұл микроағзалар тағамнан ағзаға қажет мөлшерден көп калория бөліп алады. Соның нәтижесінде, адам дұрыс тамақтанғанның өзінде ағза артық энергия жинап, оны майға айналдырады.

Салмақты қалыпқа келтірудің кілті – тамақтануды өзгерту және "дұрыс" бактерияларды қолдау. Мұны істеу үшін дәрігер мәзірге пребиотиктерді қосуды ұсынады.

Пайдалы микрофлораны қоректендіретін өнімдер: аспарагус, пияз, сарымсақ, цикория, банан, топинамбур.

Сонымен қатар, пробиотиктер де қажет – айран, йогурт және қышқылталған қырыққабат.

Микробиомның сау болуы үшін рацион әртүрлі болуы керек. Мүмкіндігінше адам аптасына 30 түрлі өсімдік өнімін тұтынуы тиіс. Бұл микрофлораны табиғи түрде түзетуге және қатал диетасыз метаболизмді жақсартуға көмектеседі.

Еске салайық, бұған дейін ғалымдар күніне 15 грамм ет жеуге кеңес берген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы