Артур Бетербиев бокстан абсолютті чемпион атанды

Бөлісу:
Артур Бетербиев бокстан абсолютті чемпион атанды
Фото: prosports.kz

Кәсіпқой бокстан жартылай орта салмақта өнер көрсететін канадалық Артур Бетербиев (20-0) әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін ресейлік Дмитрий Биволмен (23-0) жұдырықтасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бетербиев WBC, WBO және IBF титулдарын қорғады, Бивол WBA Super және IBO титулдарын қорғады.

Жекпе-жек 12 раундқа созылып, Бетербиевтің (114-114, 115-113, 116-112) жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Бетербиев кәсіпқой мансабында 21 жекпе-жек өткізіп, 21 жеңіске жеткен. Бивол 24 кездесудің 1-ші жекпе-жегінде жеңілді.

Өзгелердің жаңалығы