Бұл туралы ArtSport платформасының телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылғы 13 наурыздан бастап қазақстандықтардың бөтен адамның ЭЦҚ пайдаланғаны үшін жауапкершілігін қаталдандыру "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жаңа нормалары күшіне енгенін хабарлаймыз. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін басқа тұлғаларға заңсыз бергені үшін жауапкершілік 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Сондай-ақ, 2025 жылдың 19 наурызынан бастап ArtSport платформасында үшінші тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалануын анықтауға бағытталған жасанды интеллект функциялары іске қосылатынын хабарлаймыз. Құрылған тізімдер деректерді одан әрі тексеру үшін цифрландыру саласындағы уәкілетті органға ұсынылады, - делінген ақпаратта.