Әртістік жүзуден Әлем кубогі: Қазақстандық спортшы екі алтын жеңіп алды

Спортшы еркін бағдарламада топ жарды.

 ҰОК 15 Ақпан 2026, 20:45
15 Ақпан 2026, 20:45
1179
Фото: ҰОК

Колумбияның Медельин қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогінің кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ерлер арасында Қазақстан құрамасының өкілі Эдуард Ким ірі халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды. Спортшы еркін бағдарламада топ жарып, 195.2476 ұпай жинады.

Сондай-ақ әйелдер арасындағы еркін бағдарламада Қазақстан құрамасы да жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Айта кетейік, бұған дейін техникалық бағдарламада қазақстандық Виктор Друзин үшінші орын алған еді.

Наверх